Құқық қорғау органдары академиясы мен Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Құжат білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастықты көздейді.

Тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы өзара іс-қимыл, құқық қорғау қызметінің өзекті проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, оқу процесін ұйымдастыру, ғылыми және оқу әдебиеттерімен алмасу, монографиялық жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді рецензиялау, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейту туралы келісімге келді.

Беларусь ІІМ Академиясы 1958 жылы мамырда құрылды. Оның базасында көші-қон және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау халықаралық оқу орталығы жұмыс істейді.