Халықпен сындарлы диалог құру үшін

Халықтың сенімін арттыру – Академияның оқу бағдарламаларының мазмұнында кең көрініс тапқан құқық қорғау органдары міндеттерінің бірі.

Халықпен сындарлы диалог құру мәселелері бойынша кезекті тренинг Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының прокуратураларының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Сабақты Академия профессоры Ұлбосын Жанатаева мен доцент Марал Әлиева өткізді, сарапшы ретінде Ақмола облысы прокурорының орынбасары Руслан Райханов сөз сөйледі.

Тыңдаушылар жанжалдарды басқару дағдыларына, өтініш берушілермен сындарлы диалог жүргізу тәсілдеріне, халықтың түрлі топтарымен жұмыс істеуге оқытылды.

Беделді басқару және дағдарыс жағдайында БАҚ-пен жұмыс істеу мәселелерін жариялау үшін белгілі журналист Бибігүл Құламан шақырылды. Спикер баспасөз өкілдерімен өзара іс-қимыл бойынша ұсынымдармен, сондай-ақ брифингті өткізу бойынша «лайфхактармен» бөлісті.