Жалпы қолжетімді деректерді пайдалана отырып компьютерлік-криминалистикалық сараптама мәселелеріне арналған Орталық Азияның құқық қорғау органдарына арналған өңірлік тренинг өз жұмысын аяқтады.
Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырды.
Киберқылмыс бүгінде ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық қатерлерінің біріне айналды. Жағдай IT-технологиялар саласындағы қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтуді, осы санаттағы істерді тергеуге қатысатын мамандардың біліктілігін арттыруды талап етеді.
Тренинг аясында сандық криминалистиканы қалыптастырудың негізгі тақырыптары, компьютерлік сараптама жүргізу құралдары мен әдістері, деректерді іздеу және жинау, сандық дәлелдемелерді құжаттау қарастырылған.
Тренингтің маңызды элементі киберқылмысқа еліктеу арқылы және оны тергеумен ұйымдастырылған практикалық сабақ болды.
Озық халықаралық практиканы зерделеуге және оны енгізуге ерекше назар аударылды. ЕҚЫҰ сарапшылары цифрлық дәлелдемелерді анықтаудың, компьютерлік шабуылдарды анықтау және алдын алу үшін бағдарламалық жүйелерді пайдаланудың заманауи құралдары туралы айтып өтті.