Құқық қорғау органдары академиясы мен Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бірге ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысушылар жеке сот орындаушылары институтын дамыту мәселелерін талқылады.
Іс – шараның негізгі мақсаты-жеке сот орындаушыларының қызметіндегі өзекті проблемалық мәселелерді шешуде ғалымдар мен практиктердің күш-жігерін біріктіру.
Талқылауға облыстық прокуратура, әділет департаменті, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.
Ғылыми-практикалық пікірталастар сот орындаушылары қызметінің құқықтық кепілдіктеріне, атқарушылық іс жүргізуді нормативтік реттеу проблемаларына, шағымдарды қарауға, борышкерлердің күштеп әкелуін орындауға және басқа да көптеген мәселелерді қозғады.
Отырыс қорытындысы бойынша нормативтік және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар ұсынымдар әзірленді. Мысалы, атқарушылық жазбаларды жасау рәсімін егжей-тегжейлі регламенттеу және оларды жою үшін нақты негіздерді айқындау, атқарушылық іс жүргізуді негізсіз қозғауды болдырмау мақсатында салықтар мен айыппұлдарды нақты төлеу бойынша деректермен алмасуды жеделдету, іздестіріліп жатқан автокөліктің орналасқан жері туралы мәліметтерді беру бөлігінде сот орындаушылары мен ІІМ базаларын интеграциялау ұсынылды.