АХҚО – Академияның жаңа серіктесі

Құқық қорғау органдары Академиясының бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов АХҚО Әкімшілігі Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қосбаев және Бас атқарушы директоры Обри Эльмира Шәкіровамен кездесті.

Кездесуде Тараптар ұйымдардың қызметі туралы пікір және ақпарат алмасты, одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы Тараптардың бірлескен іс-қимылдарын бекітетін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру, сараптамалық қолдау көрсету, оқу, оқу-әдістемелік және оқу-практикалық әдебиеттермен алмасу, онлайн-оқыту технологияларын пайдалану бойынша тәжірибе алмасу және оқу тағылымдамаларын өткізу арқылы өзара оқу конференцияларын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар өзара іс-қимылды нығайтуға және ынтымақтастықты басқа бағыттарда дамытуға ниет білдірді.