Мамандыққа жолдама

Академиямен алғашқы кәсіби даярлықты енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде әрбір органда қызмет өткеру шеберліктері мен ерекшелігі бар оқу бағдарламалары дайындалды.

Прокуратура үшін қадағалаудың барлық салалары бойынша жұмыс дағдыларын игеру қарастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және Экономикалық тергеу қызметінің үміткерлері тергеу-жедел жұмысының негіздерін зерттейтін болады.

Кадрлық дамыту департаментімен бірлесе отырып құқық қорғау органдарына алғаш рет түсетін тұлғалар үшін Алғашқы кәсіби даярлықты жүзеге асырудың жол картасы жасалды.

Тәуекелдерді азайту үшін Өзбекстан мен Украина тәжірибесі зерделенді. Онда жаңадан келгендерді дайындаудың ұқсас үлгілері қолданылады.

Іс — шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 66 — тармағын орындау мақсатында (2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша) Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қызметке кадрларды іріктеудің жаңа институтын — алғашқы кәсіби даярлықты (бұдан әрі-кәсіби даярлау) заңнамалық бекіту мәселесін пысықтауда.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға енгізілетін түзетулер Президент Әкімшілігінің басшысымен келісілді (2018 жылғы 20 желтоқсандағы №5158-2 қарар) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді (Парламент Мәжілісінің қарауында).

Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық тергеу қызметтеріне түсетін тұлғалар үшін кәсіби дайындық мерзімі 1 жыл (6 айлық білім беру және 6 айлық тағылымдама), ішкі істер органдарына түсетіндер үшін — 6 ай (тергеушілер, криминалистер, анықтаушылар үшін) және 3 ай (ҚАЖ, ЖПҚ сержанты және офицерлері үшін) құрайтыны алдын ала анықталды.

Аталған мерзімдерді іріктеу тәртібі және кәсіби даярлаудан өту шарттары бойынша құқық қорғау органдарының ведомствоаралық бұйрығында бекіту ұсынылады.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ішкі істер органдарының тергеушілері мен жедел уәкілдері үшін алты ай мерзім ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кандидаттар үшін оқыту мерзімдерін біріздендіру мәселесі талқыланды.

Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне үміткерлерге кәсіби даярлау мерзімін 6 айға дейін (5 айлық оқу және 1 ай тағылымдама) қысқартуға келісті.

Барлық құқық салалары бойынша қызметке кандидаттардың кәсіби даярлығын талап ететін прокуратура органдары қызметінің ерекшелігін ескере отырып, прокуратура органдарына кандидаттар үшін кәсіби даярлықтың жылдық мерзімін сақтау орынды.

Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметінде Республикалық бюджет комиссиясының қарауында жатыр.