Өңірлік хаб

2017 жылдан бастап Академия базасында «Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша аймақтық хаб» жобасы іске қосылды. 2018 жылы жоба Жаһандық қауіп –қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық оқыту кафедрасын құрып, дамытудың функционалды бөлігіне айналды.

Хабты, ең алдымен, ғылыми-зерттеу және Орталық Азия мемлекеттеріне арналған оқыту платформасы ретінде позициялаймыз.

Хаб құрылғаннан бері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан мен Пәкістан прокуратураларының және басқа да әлеуетті ведомстволарының 1000-нан астам қызметкері оқудан өтті.

Жетекші шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО, АҚШ елшілігі, CARICC, IRZ және т.б.) белсенді ынтымақтастық орнатылды. 2017 жылғы 11 сәуірде Венада қол қойылған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде БҰҰ-дан мақұлдау алынды.

Бүгінгі күні Аймақтық хаб өзекті 6 бағыт бойынша дамып келеді: терроризмге және экстремизмге, есірткі қылмысына, адам саудасына, киберқылмысқа, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, сондай-ақ былтырғы жылдан бастап, экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін қылмыстарға қарсы күрес.

Кәсіби деңгей мен дағдыларды жетілдіру мақсатында ұлттық тренерлерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні қаржылық тергеу бойынша тренингтен өткен 10 сарапшы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытады. Киберқылмыспен күрес саласында 14 ұлттық сарапшының (прокуратура, Ұлттық бюро, ЭТҚ, Ішкі істер министрлігі) 3 кезеңдік даярлық оқуы аяқталды.

БҰҰ-мен бірге Хабтың кейбір жекелеген бағыттары бойынша Орталық Азия аймағының сарапшылары арасында тәжірибе мен ақпарат алмасу желілерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте инновациялық оқыту әдістерін енгізу аясында адам саудасына қарсы күрес саласы бойынша орыс тілінде алғашқы халықаралық симуляциялық оқыту өткізілді.

Тренингке 100-нан астам адам, соның ішінде 19 жақын және шалғай шет елдердің (Молдова, Румыния, Грузия, Украина, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Израиль, Литва, Италия, Армения, Белорусия, Германия, Греция, Әзірбайжан, Қазақстан) 76 өкілі, БАҚ пен қоғамдастық өкілдері қатысты.

Адам саудасының құрбандары мен қылмыскерлер барынша шынайы болуы үшін олардың рөлін Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 кәсіби актері ойнады. Оқыту барысында бірлескен топтардың қатысушылары адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру, тергеу жүргізу және бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауды үйренді.
Қылмыстың алдын алу үшін арнайы әзірленген кинотренингтер оқытудың тағы бір инновациялық әдісі болып табылады.

Өткен жылдың басында астаналық мектептердің 120 жасөспірімін, сондай-ақ олардың ата-аналары мен ювеналдық полиция қызметкерлерін Қазақ драмтеатрының шаңырағының астында жинаған алғашқы кинотренинг өтті.

Киноға енгізу радикалды пікірде қалыптасқан топтарға жастарды азғырып көндіруге қарсы күреске арналды. Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылып, көптеген жағымды пікірлерге ие болды.

Фискалдық органдардың күш-жігерін шоғырландыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында біздің бастамамыз бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен 06.04.2018 жылы Академияға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың базалық ұйымы мәртебесі берілді.

Базалық ұйымның міндеттерін орындау шеңберінде қарашада (12- 16-сы аралығында) «Қаржылық тергеу және заңсыз активтердi қайтару» тақырыбында бiрiншi халықаралық семинар-тренинг өтті.

Оқытуға Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның фискалдық органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы прокуратураларының қызметкерлері қатысты.

«Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күрес жөніндегі аймақтық хаб» шеңберінде Академияның әртүрлі серіктестерімен өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ Академияны халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында екі веб-сайт әзірленді.

1. Аймақтық хабтың веб-сайты — www.reghub.kz

2. «Күштеу экстремизмінің профилактикасы мәселелері бойынша желі» сайты — www.capve.org

Академия Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (UNODC) бірлесіп, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сарапшыларына арналған күштеу экстремизмінің алдын-алу мәселелері бойынша желі құрды. Аталған платформаның мақсаты аймақтардың күштеу экстремизмінен төнетін қауіп-қатерлерге тұрақтылығын арттыру мақсатында мемлекет пен қоғамның оған қатысуы, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен азаматтық қоғамның, академиялық топтың, халықаралық сарапшылардың және БҰҰ ЮНОДК-пен өзара іс-қимылын нығайту болып табылады.

Қазіргі таңда networking құру, сондай-ақ Академияның экологиялық қауіпсіздік саласындағы стейкхолерлері арасында танымалдылығын арттыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.

Жалпы, Аймақтық хаб күн сайын қарқынды дамып, нәтижелігі артуда әрі Орталық Азияда танымал болып келеді.