Төлеген Мұхамеджановтың келуі

Академияның білім алушылары мен қызметкерлері үшін көрнекті өнер қайраткері, композитор, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Әлем мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығының президенті Төлеген Мұхамеджанов шығармашылық кеш өткізді.

Академия басшылығы композиторды құттықтай отырып, оның отандық өнерді сақтауға және нығайтуға қосқан үлесін, ел жетістіктерін, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызды рөлін атап өтті.

Атақты қонақ өзінің танымал шығармаларын ойнады, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, жеке және шығармашылық өміріндегі қызықты жағдайлармен бөлісті, кездесуге қатысушыларға өз музыкасы мен өлеңдерінің жинақтарын сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, Төлеген Мұхамеджанов симфониялар, опералар, камералық шығармалар, театрлық қойылымдарға арналған музыка, романстар, танымал аспаптық музыкалардың авторы.

Ол 20-дан астам фильмге музыка жазған.

Оның әндерін Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Ирина Понаровская, Ирина Отиева, Батырхан Шөкенов, Нұржамал Үсенбаева, Стас Пьеха, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бауыржан Исаев, Меруерт Түсіпбаева, «На-На»тобы, «Дос-Мұқасан», «Ақынай», т.б. танымал әншілер орындайды.

Іс-шара «Мәдениет университеті» оқу курсының бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.