Криминалистикалық олимпиададағы Aкадемияның жеңісі

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жыл сайынғы криминалистика бойынша «Крим-экс-2022» республикалық олимпиадасы өтті.

Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, оның ішінде Мамандандырылған жоғары оқу орындарынан 14 университеттік команда қатысты.

Олимпиада бағдарламасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен криминалистикалық техниканы білу бойынша ситуациялық міндеттерді шешуді қамтитын бірнеше кезеңнен тұрды. Сондай-ақ, қатысушылар трассологиялық сипаттағы іздерді алудың, сараптама тағайындау бойынша қаулылар жасаудың практикалық дағдыларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Құқық қорғау органдары академиясының командасы сенімді жеңіске жетіп, техникалық-криминалистикалық құралдарды, сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізудің құқықтық және тактикалық негіздерін қолданудың үздік нәтижелерін көрсетті.