Шәміл Аляутдиновтың қонақ дәрісі

Белгілі ислам ғалымы және дін қайраткері Шамиль Аляутдинов Құқық қорғау органдары академиясының студенттері мен қызметкерлеріне онлайн-дәріс өткізді.
Шәміл Рифатұлы діни экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелеріне, терроризмнің ықтимал қатерлеріне қарсы іс-қимылдың мемлекеттік стратегиясын іске асырудағы дін қызметкерлерінің рөлін күшейтуге тоқталды.
Дәріскер атап өткендей, жастар арасында радикалды көріністер мен экстремистік идеологияның таралуын азайтудың маңызды шарты рухани және адамгершілік тәрбие болып табылады.
Ағартушылық жұмыс халықтың діни сауаттылығын арттыруға, экстремистердің шынайы мақсаттары туралы хабардар болуға, деструктивті топтардың қызметіне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Академия түлектерінің кәсіби дағдыларын дамыту тұрғысынан әлеуетті қауіп-қатерлерге қарсы күрестің тетіктері мен технологиялары туралы білімнің, діни экстремизмнің алдын алу мен жолын кесудің халықаралық тәжірибесін зерделеудің маңыздылығы атап өтілді.
Дәріскер аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушылар атап өткендей, өткізілген іс-шара Академияның ғылыми және зияткерлік әлеуетін одан әрі дамыту үшін өте танымдық және пайдалы болды.