ЕҚЫҰ Хатшылығының өкілімен кездесу

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясына ЕҚЫҰ Хатшылығының полиция қызметінің стратегиялық мәселелері бөлімінің Трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Юрай Носал келді.
Кездесуге Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің, ҚР ІІМ Алматы академиясының өкілдері қатысты.
Қатысушылар екіжақты құқықтық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
ЕҚЫҰ Академияның байырғы және сенімді серіктесі болып табылады. Бүгінгі таңда халықаралық ұйым атынан ЖОО-ның маңызды серіктесі бар, онымен ынтымақтастықта көптеген бірлескен жобалар іске асырылды.
Кездесу барысында жаһандық және өңірлік проблемаларды шешу құралы ретінде ғылыми-білім беру әлеуетін пайдалану, одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Сұхбаттасушылар жүргізілген жұмыстың нәтижелерін талдап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы тұру, оның ішінде компьютерлік-криминалистикалық сараптамалар жүргізу мәселелері бойынша жоспарланған өңірлік тренингтерге қатысты пікір алмасты.
Кездесу соңында шетелдік қонақтар жоғары бағалаған академияның киберполигонының тұсаукесері өтті.