АҚПАРАТТЫҚ ХАТ  

2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты V жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияға (онлайн/офлайн) жас ғалымдар, 35 жасқа дейінгі ғылым кандидаттары, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференция жұмысы келесі бағыттарда жоспарланған:

  1. Конституциялық және әкімшілік заңнаманың құқықтық негіздері;
  2. Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы қолданудың теориялық және тәжірибелік аспектілері;
  3. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолданудың теориялық және тәжірибелік аспектілері;
  4. Құқық қорғау қызметінің халықаралық құқықтық қамтамасыз етілуі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ұсынылған материалдар конференция жұмысы басталғанға дейін жарияланады. Жарияланым үшін жарна қарастырылмаған. Жинаққа ISBN беріледі.

Конференция нәтижесі бойынша үздік баяндама конкурсы өткізіледі.

Қатысу шарты: 2022 жылдың 21 наурызынан кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне өтінімді (өтінім үлгісі қоса беріледі) және ғылыми мақаланың мәтінін келесі электронды мекенжайға жолдау: apogp_2022@mail.ru

Жүріп-тұру, тамақтану шығындары конференция қатысушысының есебінен жүзеге асырылады.

 

МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Ғылыми мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 75% болуы керек.

5-8 парақ көлеміндегі мақала MS Word пішімінде; өлшемі – 14; жоларалығы – 1 см.; жиек сызықтары: сол және оң жақтары – 2 см.; жоғары және төменгі жақтары – 2 см-ден. Жоғары сол жақта ӘОЖ индексін қою қажет.

Бірінші жолда – автор(-лар)дың, тегі, аты-жөні, лаузымы, шені, ғылыми дәрежесі (болған жағдайда) көрсетіледі. Келесі жолда – ұйым атауы, қала, ел атауы, автордың электронды поштасы. Орта тұсында мақаланың аты бас әріптермен, қою қара әріптермен жазылады. Астында аннотация және түйінді сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілуі тиіс (Times New Roman, курсив, кегль 12).

Бірінші жол – автордың (- лардың) Тегі, Аты, Әкесінің аты, жұмыс орны (лауазымы)/оқу орны (барлығы); атағы, ғылыми дәрежесі (бар болса). Келесі жолда – ұйымның атауы, төменде – қала мен ел, төменде – автордың электрондық пошта мекенжайы. Ортасында – мақаланың атауы бас әріптермен қалың қаріппен жазылады. Төменде ғылыми мақалаға 150 сөзден аспайтын аннотация (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) орналастырылады. Аннотациядан кейін – 6-8 түйінді сөз.

Мақаланың негізгі мәтіні бір жолдан кейін басталады. Мәтінде суреттер, кестелер көрсетуге болады. Дереккөздерге сілтемелер шаршы жақшада беріледі, сілтемелер нөмірленуі мәтін бойынша тұтас болады. Мақала тіліндегі толық библиографиялық тізім мақаланың соңында беріледі.

Мақала барлық талаптарға сәйкес мұқият өңделуі керек. Конференцияның мәлімделген тақырыбына, ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімнен кеш (2022 жылғы 21 наурызға дейін) ұсынылған мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді және авторларға қайтарылмайды. Материалдар авторлық редакцияда жарияланады.

Өтінімдерді (1-қосымшаға сәйкес) және мақалаларды (2-қосымшаға сәйкес) электрондық мекенжайға жолдау керек: apogp_2022@mail.ru

Хаттың тақырыбы және оған салынған файлдың атауы келесідей болуы керек: ФамилияИО2. Файлдың соңындағы сан – бөлімнің (бағыттың) нөмірі.

 

ОРГКОМИТЕТ:

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010078, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы қаласы, Республика көш., 16. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

Қосымша мәліметтер алу үшін: Калмурзина Зарина Жандарбековна, тел.: +7 707 815 16 14; Тапенова Асем Рыскановна, тел.:  +7 7015181268.

 

Қосымша 1

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Автор(-лар)дың Т.Е.Ә (әрқайсысы)  
Жұмыс орны(лауазымы)/оқу орны (курс) (әрқайсысы); атағы, ғылыми дәрежесі (болған жағдайда).  
Қала, ел атауы (әрқайсысы)  
Мекежайы (әрқайсысы)  
Мобильный телефон (әрқайсысы)  
Е-mail (әрқайсысы)  
Секция атауы (бағыты)  
Қатысу нысаны (ішкі/сырттай)  
Мақала атауы  
УДК (мына сайт https://teacode.com/online/udc/)  

Приложение 2

ОБРАЗЕЦ ОФОРМЛЕНИЯ СТАТЬИ

УДК 343.3/.7

 

Абишев Арман Кенесович

докторант Академии правоохранительных органов

при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан,

г. Нур-Султан, Республика Казахстан

 

ПРОЦЕССУАЛЬНЫЕ ГАРАНТИИ КОНСТИТУЦИОННЫХ ПРАВ ЛИЧНОСТИ ПРИ САНКЦИОНИРОВАНИИ СЛЕДСТВЕННЫМ СУДЬЁЙ ВРЕМЕННОГО ОТСТРАНЕНИЯ ОТ ДОЛЖНОСТИ  И ЗАПРЕТА НА ПРИБЛИЖЕНИЕ

 

Аннотация. В работе с позиции обеспечения следственным судьей конституционных прав и свобод личности анализируются теоретические и практические проблемы, возникающие в процессе санкционирования иных мер процессуального принуждения – временного отстранения от должности и запрета на приближение.

Автор на основе законодательной регламентации и изучения практики применения в Республике Казахстан указанных иных мер, исследования зарубежного опыта анализирует причины и условия, способствующие нарушению прав и законных интересов  участников уголовного процесса.

Сформулированы рекомендации по дальнейшему совершенствованию уголовно-процессуального законодательства в контексте вопросов темы.

Ключевые слова: уголовный процесс, досудебное расследование, права и свободы………

 

Аннотация. Тергеу судьясының жеке адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан жұмыста процессуалдық мәжбүрлеудің өзге де шараларын санкциялау – лауазымынан уақытша шеттету және жақындауға тыйым салу процесінде туындайтын теориялық және практикалық проблемалар талданады……….

Түйінді сөздер: қылмыстық процесс, сотқа дейінгі тергеп-тексеру……….

 

Annotation. The paper analyzes the theoretical and practical problems that arise in the process of authorizing other measures of procedural coercion – temporary suspension from office and a ban on approaching-from the position of ensuring the constitutional rights and freedoms of the individual by the investigating judge…………

Keywords: сriminal procedure, pre-trial investigation, rights and freedoms……….

 

Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи Текст статьи [1].

 

Список литературы:

  1. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования: Дисс. д.ю.н. − Караганда, 1997. − 300 с.
  2. Каштанова Н.С. Временное отстранение от должности как иная мера уголовно-процессуального принуждения в России и Казахстане: сроки реализации, процессуальный порядок применения и исполнения, разграничение со смежным институтом трудового законодательства // Синергия наук. № 10. − С. 702-725. Режим доступа: https://elibrary.ru/item.asp?id=29044419 (дата обращения: 07.02.2021).
  3. Резолюция Генеральной Ассамблеи ООН от 14 декабря 1990 г. N 45/110 «Стандартные минимальные правила ООН в отношении мер, не связанных с тюремным заключением (Токийские правила)». Режим доступа: https://constitution.garant.ru/act/right/megdunar/12123833/ (дата обращения: 07.02.2021).