Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жебеген Абайұлы Құранбектің «6D030100 – Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша «Жылжымайтын мүлік объектілері саласындағы алаяқтық әрекеттерді тергеу әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Арнайы заң пәндері кафедрасының базасында орындалған.
Қорғау тілі: мемлекеттік.
Ғылыми кеңесшілер:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, ҚР-ның заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымдарының канидаты, доцент Ш.Ш. Шаяхметов.
Рецензенттер:
Еуразия гуманитарлық институтының Заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Р.Қ. Тлеухан;
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент К.М. Кучуков.
Қорғау 2022 жылғы 29 наурызда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Диссертациялық Кеңесінде, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика 16 мекенжайында өтеді.
Сайт мекенжайы: http://academy-gp.kz/.