Алибекова А.М., Филипец О.Б. Қылмыстық-құқықтық цикл пәндері бойынша кейстер жинағы (қазақ және орыс тілдерінде): оқу-практикалық құралы. – Нұр-Сұлтан, 2021. – 145 б.

Қылмыстық-құқықтық цикл пәндері бойынша кейстер жинағы 7М12303 – «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу бағдарламасына және 7М12303 – «Құқық қорғау қызметі» (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Құқық қорғау қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы» пәні бойынша қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.

Оқу-практикалық құрал магистранттарға, докторанттарға және академиялық қылмыстық-құқықтық цикл пәндерінің оқытушыларына қылмыстық-құқықтық цикл пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған.

Оқу-практикалық құралы қолданыстағы заңнаманы, қазіргі заманғы ғылыми және оқу әдебиетін, сот-тергеу практикасының материалдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы мәселелері бөлігінде зерделенетін негізгі тақырыптарды қамтиды. Кейстерді шешу бойынша әмбебап әдістемелік ұсынымдарды, құқықтық жағдайларды (кейстер) және әрбір тақырып бойынша теориялық сұрақтарды қамтиды.