ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 28 желтоқсанында Академия Ғылыми кеңесінің жыл қорытындысы бойынша отырысы өтті.

Отырыста Академия проректорлары мен институт директорларының 2021 жылдың есебі тыңдалды:

қаржы-шарушылық, халықаралық қызметі мен ақпараттық жүйелерді дамыту  және перспективті  бағыттары  туралы;

Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты мен Редакциялық-баспа бөлімі жұмыстарының қорытындысы және перспективті бағыттары туралы;

Кәсіби оқыту институтының жұмыс қорытындысы және перспективті  бағыттары туралы;

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының жұмыс қорытындысы және перспективті бағыттары туралы есептері тындалды.

Ғылыми кеңеспен, Академияның ғылыми-білім беру және қаржы-техникалық базаларын, халықаралық ынтымақтастық пен имидждік саясатын әрі қарай дамытуға бағытталған бір қатар тапсырмалар берілді.