Халықаралық семинар өткізілді

Прокурордың қасақана кісі өлтіруді тергеуге процессуалдық басшылықты жүзеге асыру мәселелері бойынша халықаралық онлайн-семинар өз жұмысын аяқтады.
Тренингке қатысушылар-ТМД елдерінің прокурорлық-тергеу қызметкерлері, сондай-ақ Бас прокуратура мен ҚР облыстық прокуратураларының қызметкерлері.
Семинар бас прокурорлардың Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен көшуді орындау мақсатында ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қасақана кісі өлтіруді ашу бойынша жедел жұмысты үйлестірудің өзекті мәселелері қаралды.
Ресей Федерациясының сарапшылары осы санаттағы істерді тергеуді қадағалауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Сөз сөйлеушілер атап өткендей, прокурорлардың тергеу органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесімен алмасу адам өміріне қол сұғушылыққа қарсы тиімді іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға бағытталған.
Оқыту іс-шарасы Достастық мемлекеттерінің прокурорлық-тергеу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы ретіндегі Академия мәртебесі шеңберінде өтті.
Сабақты Бас прокуратураның 1-Қызметінің қызметкерлері, облыстық прокуратуралардың басшылары, сондай-ақ Академия оқытушылары өткізді.