Статистикалық мәліметтермен манипуляциялардың алдын алу

Академияда аумақтық прокуратура қызметкерлеріне арналған курста қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалаудың проблемалық мәселелері талқыланды.

Тренинг тақырыбының өзектілігі прокурорлар үнемі кездесетін азаматтардың конституциялық құқықтары мен есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу фактілерімен түсіндіріледі.

Бір апта бойы тыңдаушылар ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу ерекшеліктерін, тексерулер жүргізу әдістемесін зерттеді. Электрондық қылмыстық істі ресімдеуде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айыптау актісін жасауда машықтанды.

Сондай-ақ, Сотқа дейінгі іс жүргізу саласындағы қадағалауды күшейту, қылмыстың жаңа құрамы бойынша тергеу және дәлелдемелерді жинау мәселелері бойынша сабақтар өткізілді.