Киберқылмыс мәселелері бойынша семинар-тренинг

Академияда «Жеке деректерді ұрлауға және пайдалануға байланысты қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері»атты екі күндік онлайн семинар-тренинг аяқталды.
Тренингке қатысушылар-прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі, Ішкі істер және әскери полиция органдарының қызметкерлері.
Оқыту барысында ақпараттық қауіпсіздіктің, жоғары технологиялар саласындағы қылмыспен күрестің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талданды.
Тыңдаушылар халықаралық озық тәжірибемен және дәлелдемелерді жинау мен біліктіліктің жаңа әдістерімен танысты. Киберқылмыстардың құрылымы мен динамикасын, дербес деректерді ұрлау тәсілдерін және компьютерлік алаяқтық жасау кезінде цифрлық тұлғаны пайдалануды зерттеді.
Сабақты Академия оқытушылары, кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жаттықтырушылары өткізді.
Беларусь сарапшылары осындай қылмыстарды тергеу мен алдын-алудың ұлттық тәжірибесімен бөлісті, жеке басын ұрлауды анықтау мен алдын-алудың заманауи жүйелері туралы айтты.
Оқыту іс-шарасы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін 2021-2023 жылдарға арналған озық практикалар мен жұмыс әдістеріне оқыту жөніндегі арнайы жоспарды орындау шеңберінде өтті.