Террористік қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері бойынша

Террористік және экстремистік қылмыстарды тергеу ерекшеліктері Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған кезекті курстарда зерттелді.

Оқу іс-шарасын өткізу қылмысқа қарсы күрестің және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттары бойынша екіжақты жемісті ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Академия базасында құрылған жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб шеңберіндегі бірлескен жұмыс өзара іс-қимылдың ең перспективалы векторы болды. Терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту үшін халықаралық оқу алаңының әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, АҚШ Елшілігі жобаны ілгерілетуге айтарлықтай қолдау мен көмек көрсетеді.

Оқудан прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өтті.

Тыңдаушылар осы санаттағы қылмыстарды тергеуді ұйымдастырудың, тиімді тергеу тобы мен сыртқы коммуникацияларды қалыптастырудың озық тәжірибесімен танысты.

Қазақстандық мамандар үшін тренингтерді Мемлекеттік департаменттің Терроризмге қарсы күреске жәрдемдесу бөлімінің және АҚШ ФТБ өкілдері өткізді.