Абеуов Дулат Алиасқарұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Абеуов Дулат Алиасқарұлының «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша «Бас бостандығынан айырылған адамдардың пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі бейімделуі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертация Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі

Ғылыми кеңесшілер:

Отандық: Орталық Қазақстан Академиясының ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, з.ғ.д., профессор Токубаев Зайрулла Сембаевич;

Шетелдік ғылыми кеңесші: Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті біліктілікті арттыру факультетінің профессоры, Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің штаттан тыс профессоры, з.ғ.д., профессор Осмоналиев К.М.

Рецензенттер:

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Чукмаитов Дулат Сламбекұлы.

«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Рахметов Саттар Мұқанұлы.

Қорғау 2021 жылғы 25 қарашада, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика 16 мекенжайы бойынша өтеді.

Құжаттар