TIL-QURAL

«Til-qural» порталы – қазақ тілін оқытуға арналған тегін веб-сервис. Қызмет tilqural.kz адресі бойынша, сондай-ақ iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларда қолжетімді.

Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Сынақ нәтижесі бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің біреуі).

Қазіргі уақытта порталда қарапайым деңгейде (А1) қазақ тілін үйренуге арналған 24 сабақ қолжетімді. Әрбір сабақ грамматика, тыңдалым, оқылым, аударма бойынша тапсырмалардан тұрады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін пайдаланушы қандай тапсырмаларды дұрыс орындағанын бірден көреді.

Жүйе пайдаланушының тілді үйренуге қанша уақыт жұмсағанын жадына сақтай отырып, оны кестеге сүйенуге бағыттайды. Пайдаланушы жеке кабинетінде орындалған сабақтар бойынша статистикасын көре алады.

Портал пайдаланушылары латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің әліпбиі мен жаңа емле ережесін үйрену, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған курсынан өте алады.