Есірткі қылмысымен тиімді күресу үшін

Құқық қорғау органдары академиясы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері үшін «Жасырын есірткі зертханаларына байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл»  тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Іс-шара АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес жөніндегі әкімшілік кеңсесінің және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Отандық жаттықтырушылардан басқа, тренингтерді өткізуге халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мысалы, есірткіге қарсы күрес басқармасының (DEA) мамандары осындай қылмыстарды анықтау және тергеу бойынша АҚШ-тың озық әдістемелерімен бөлісті. ЕҚЫҰ сарапшылары амфетамин қатары (АТС) стимуляторларын заңсыз дайындау ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Кездесуге қатысушылар мамандардың біліктілігін арттыру, есірткі қылмысына қарсы күрес әдістерін жетілдіру, халықаралық қоғамдастықтың осы бағыттағы күш-жігерін шоғырландыру үшін оқыту іс-шарасының маңыздылығын атап өтті.