Р.Р. Нугманов, Р.А. Әмірханов, Н.Б. Рахимов. Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары: сызба түріндегі оқу құралы – Алматы: ЖШС Лантар Трейд, 2021 – 241 б.

Ұсынылатын оқу құралында «Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары» курсынын сұрақтары қарастырылады. Материал ұғынуға ыңғайлы нысанда – сызба түрінде жазылған.

Оқу құралы құқық мәселелеріне және оның қоғам өміріндегі рөліне арналған. Онда құқық нормалары мен қайнар көздері құқықтық сана, құқық шығармашылық және заңнаманы жүйелеу, құқық нормаларын іске асыру және талқылау, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңды жауапкершілік мәселелері қарастырылған. Құрал жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушыларына арналған.