Академия ректоры Тимур Сүлейменов Әзербайжан Бас прокуратурасының Ғылыми-оқу орталығының бастығы Мубариз Ахмедовпен кездесу өткізді.
Кездесу Әзербайжан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстанға ресми сапары аясында өтті.
Мекемелердің мақсаттары мен міндеттерінің ортақтығын атап өте отырып, тараптар өзара іс-қимылды кеңейту, мамандар мен оқу әдебиеттерімен алмасу туралы келісімге келді, құқық қорғау саласында бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы мен жасалған уағдаластық нәтижесі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.