Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-тренинг

Құқық қорғау органдары академиясы онлайн форматта «Компаниядағы және қарапайым пайдаланушылардағы кибершабуылдардың ерекшеліктері» және «Интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері» мәселелері бойынша екі семинар-тренинг өткізді.
Оқыту барысында тыңдаушылар Қазнеттегі кибершабуылдардың ең көп таралған алты түрімен, зиянды бағдарламаларды жасау және таратумен байланысты іс-әрекеттерді саралау ерекшеліктерімен танысты.
Дәріскерлер Беларусь, Ресей және Украинаның халықаралық сарапшылары, сондай-ақ ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығының компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің отандық жаттықтырушылары болды.
Интернет-алаяқтық бойынша істерді тергеудің қадамдық алгоритмі, оның ішінде тергеуші, прокурор, сарапшылар мен мамандар арасындағы өзара іс-қимыл егжей-тегжейлі зерделенді. Шетелдік әріптестер осы қылмыстарды тергеу мен алдын-алуды ұйымдастырудың ұлттық тәжірибесімен бөлісті.