ТМД елдері бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің Хатшылығымен ынтымақтастық туралы келісім

Нұр-Сұлтанда Академия ректоры Тимур Сүлейменов ТМД КМК атқарушы хатшысы Владимир Зиминмен, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі Игорь Малашевичпен кездесті.

Іс-шара барысында академияның ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдары қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы ретіндегі одан әрі қызметінің перспективалары қаралып, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Құжат Ғылыми – білім беру қызметінде күш-жігерді тиімді шоғырландыруға, құқықтық ақпаратпен алмасуға, сондай-ақ халықаралық және өзге де құжаттарды әзірлеу кезінде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Тараптар Келісімнің әріптестік байланыстарды нығайтуға және прокурорларды даярлаудағы өзара іс-қимылды тереңдетуге елеулі серпін беретініне сенім білдірді.