Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ТЖМ қызметкерлері оқытылды

Құқық қорғау органдары академиясында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны болжаудың заманауи әдістері бойынша курс аяқталды.

Іс-шараға прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және Төтенше жағдайлар министрлігінің 76 қызметкері қатысты.

Тыңдаушылар талдаудың заманауи әдіснамасы мен озық ақпараттық-талдау бағдарламаларын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте сатыда тиімді болжау және анықтау бойынша дайындықтан өтті.

Оқуға халықаралық және отандық мамандар тартылды.

Мәселен, халықаралық сарапшы Зураб Саникидзе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат құжаттарын жоспарлау және әзірлеу, оларды одан әрі мониторингілеу және бағалау мәселелерін баяндады.

Ұлттық сарапшылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу мен болжаудың заманауи технологияларын, оларға сыртқы талдау жүргізудің практикалық аспектілерін көрсетті.