Әріптестік қарым-қатынас нығайтылуда

Құқық қорғау органдарының академиясына Украинаның Мемлекеттік қаржы қызметі университетінің Салық полициясы кадрларын даярлау жөніндегі проректоры – Салық полициясы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру факультетінің бастығы Василий Чмелюк бастаған делегация келді.

Сапар барысында қаржы мониторингі агенттігінің басшылығымен, Академия профессорлық-оқытушылық құрамымен, тыңдаушыларымен және Тергеу және Кадр департаменттерінің басшыларымен кездесулер өтті.

Тараптар екі білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын атап өтіп, ғылыми-білім беру саласында өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға қызығушылық білдірді.

В.Чмелюк атап өткендей, Украинада қазақстандық құқық қорғау жүйесінің жұмысындағы, атап айтқанда, білікті кадрлар даярлау саласындағы прогрессивті өзгерістерді үлкен қызығушылықпен бақылап отыр.

Украинада Экономикалық қылмысқа қарсы жаңа құқық қорғау органы – Украинаның экономикалық қауіпсіздік бюросы құрылды. Сондықтан құқық қорғау органдары академиясымен ұзақ мерзімді байланыс орнату, экономикалық қауіпсіздік бойынша мамандар даярлаудың қазақстандық тәжірибесін зерделеу үлкен кәсіби қызығушылық тудырады, деп атап өтті ол.

Қонақтар Академияның Кәсіптік оқыту, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде ЖОО-лар ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласындағы күш-жігерді шоғырландыруға ниетті. Бірлескен іс-шаралар өткізу, тәжірибе алмасу, сарапшылар мен тыңдаушылардың өзара сапарларын жүзеге асыру.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өте отырып, Тараптар Келісімнің әріптестік қатынастарды нығайтуға, қаржылық қылмысқа қарсы күрес саласында мамандар даярлау бойынша өзара іс-қимылды тереңдетуге салмақты серпін беретініне сенім білдірді.