Құқық қорғау органдары академиясының проректоры –Ведомоствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Гульнар Шушикова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.
Форум мінберінде сөз сөйлеген Г.Шушикова Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және кәсіпкерлерді олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау саласындағы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Академияның жұмысы туралы айтты. Бұл жұмыстың нәтижелері заңнамалық және практикалық деңгейде көрініс тапты.
«Атамекен» ҰКП тапсырысына сәйкес кәсіпкерлерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми талдау жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша бизнесті қорғауды күшейту бойынша ұсыныстар жасалды,кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделеріншектеу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңнамаға өзгерістер дайындалды.
Атап айтқанда тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны, арнайы рұқсат (лицензия) беруден заңсыз бас тартқаны, банктік шот бойынша қызметті және (немесе) операцияларды заңсыз тоқтатқаны, қайырылымдыққа заңсыз тартқаны, сондай-ақ жеңілдіктер мен преференциялардан заңсыз бас тартқаны немесе қолдағаны үшін жауаптылықты қатаңдату ұсынылды. Аталған түзетулер толық қолдау тауып Қылмыстық кодекске енгізілді.
Сондай-ақ спикер рейдерліктен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс нәтижелеріне тоқталды.
Академия дайындаған Азаматтардың өтініштерін қарау, рейдерлік фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар құқық қорғау органдары мен «Атамекен» ҰКП жұмысында белсенді пайдаланатыны атап өтілді.
Қазіргі уақытта қолданысқа енгізілген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті және Қылмыстық кодекске мәселелер бойыншақабылданған түзетулерді ескере отырып,ұсынымдардың жаңартылған басылымын әзірлеу жүргізілуде.