Алғашқы кәсіби даярлықтың алғашқы түлектері

2021 жылғы 29 маусымда Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған алғашқы түлектерге құрмет көрсетілді.

Экономикалық тергеу қызметінің 19 болашақ маманы даярлықтан өтті.

Академия ректоры Сүлейменов Тимур түлектерді құттықтады. «Бүгін Сіздер алғашқы кәсіби дайындық бағдарламасын сәтті аяқтадыңыздар және жұмысқа орналасуға кепілдік алдыңыздар.  Біздің басты мақсатымыз Сіздерге алғашқы күннен бастап тиімді қызмет атқару үшін қажетті дағдыларды үйрету болып табылды. Сіздер алған барлық білім мен дағдыларды іс жүзінде табысты пайдаланатындарыңызға сенімдімін», – деп атап өтті.

Алғашқы кәсіби дайындық институты 2020 жылы басталды. Специалитеттің алғашқы шығарылымы маңызды тарихи оқиға, құқық қорғау органдарын кадрлармен қамтамасыз етудің сапалы жаңа жүйесін құру бойынша соңғы жылдардағы белсенді жұмыстың нәтижесі.

Специалитет бағдарламасын жүзеге асыра отырып, Академия өзінің алдына жоғары кәсіби және жеке әлеуеті бар мамандарды даярлау міндетін қойды. Оқыту тыңдаушыларға алдағы жұмысқа барынша дайындалуға көмектесуге арналған.

ЖОО қабырғасында ЭТҚ жас мамандары кәсіби білімдерін толықтырып, жетілдірді, сонымен қатар жедел-тергеу жұмысының маңызды дағдыларын, ақпараттық жүйелерді игерді.