2021 жылдың 25 маусымда Академия Ғылыми кеңесінің жарты жылдық қорытынды отырысы өтті.
Отырыста 2021 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша Академия проректорлары мен институт директорлардың:
Академияның ақпараттық-коммуникациялық жүйелері, қаржы-шарушылық, халықаралық қызметі туралы есеп және перспективті бағыттары туралы;
Кәсіби оқыту институттың жұмыс қорытындысы және перспективті бағыттары туралы;
Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институт пен Редакциялық-баспа жұмысы бөлімінің жұмыс қорытындысы және перспективті бағыттары туралы;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институттың жұмыс қорытындысы және перспективті бағыттары туралы есептері тындалды.
Ғылыми кеңес шешімімен ведомстволық ғылыми-білім беру базасын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.