Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі — Орталық) 2021 жылғы 18 маусымнан бастап шет тілдерінен түсу емтиханына өтініштер қабылдауды жүргізеді.
Шет тілдері бойынша түсу емтиханына өтініш беру Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін магистратураға және докторантураға түсуге үміткер:
1. app.testcenter.kz сайтына кіреді / және интерфейс тілін таңдайды;
2. электрондық пошта арқылы өтініш беру жүйесінде тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта электрондық поштаны растау міндетті);
3. өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизацияланады (логин мен пароль көрсетілген хатты жоюға болмайды);
4. ЖСН көрсетеді, Іздеу батырмасын басады (Т.А.Ә. автоматты түрде шығады), байланыс телефон нөмірін көрсетеді;
5. «Өтініш беру» қосымша бетіне өтіп, тестілеу түрін таңдайды (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ® шет тілінен түсу емтиханы (азаматтық емес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін);
6. өтінішті толтыру кезінде білім деңгейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы) атауын, шет тілін тапсыру тілін көрсетеді;
7. тестілеуді өткізу қағидаларымен танысқанымен келіседі және растайды;
8. төлем әдісін таңдайды және тестілеу үшін төлем жасайды;
Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «өтініш сәтті берілді!» хабарламасы шығады;
Егер тестіленуші берілген өтінішті (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) түзетуі қажет болса, «менің тарихым» қосымша бетіне өтіп, өтінішті ашып, «өтінішті редакциялау» батырмасын басуы керек. Өтініш қабылдау базасы жабылғанға дейін көрсетілуі мүмкін.
Оқуға түсушілер тестілеуді тапсыру орнын өз бетінше таңдай алады.
Шет тілдері бойынша түсу емтиханының құны 6 492 теңгені құрайды.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін оқуға түсуші тестілеуді тапсыру күні, уақыты және мекенжайы туралы ақпаратпен Жеке кабинетте таныса алады.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-50-97 телефонына хабарласуға болады.