«ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР

2021 жылғы 23-24 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ТМД-ның 30 жылдығына арналған халықаралық онлайн семинар өткізді.
Бұл Академияның ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокурорлық – тергеу қызметкерлерін даярлау жөніндегі базалық ұйым ретіндегі алғашқы ресми іс-шарасы, бұл мәртебе ТМД СІМК-нің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен берілген болатын.
Семинар жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина Бас прокуратураларының, Қазақстанның аумақтық прокуратураларының өкілдері, ТМД елдері және БҰҰ ЕҚБ Үйлестіру Кеңесі Хатшылығының басшылары, сондай-ақ ОАӨАҮО және Ресей Федерациясы Прокуратура университетінің сарапшылары қатысты.
Іс – шараның мақсаты-қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыру, ортақ проблемаларды қарау және оларды шешу жолдарын әзірлеу, коммуникациялық байланыстарды кеңейту, қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық саласында зерделеу және тәжірибе алмасу.
Атап айтқанда, семинар сессияларында экстрадициялау, қылмыстық қудалау, сотталғандарды беру, құқықтық көмек көрсету және қылмыстық істер бойынша шарттық-құқықтық базаны дамыту мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша прокуратура органдарының аталған саладағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.