Магистранттардың кезекті шығарылымы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында магистранттардың бесінші шығарылымына диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараны Академия ректоры Тимур Сүлейменов ашты.

Жоғары оқу орнының басшысы атап өткендей, құқық қорғау органдарына жоғары кәсіби және жеке әлеуеті бар, заманауи ойлайтын және өз ісіне берілген, қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатын мамандар қажет. Сондықтан Академия құқық қорғау корпусы үшін лайықты ауысымды дайындау міндетін алға қояды.

Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, магистратурада білім алған магистранттардың алғашқы бітіруі ерекше оқиға болды.

Осы бағдарлама бойынша құқық қорғау органдарында басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлер оқытылды. Жоғары жұмыспен қамтылғанына қарамастан, олар оқуын сәтті аяқтады.

Оқу және ғылыми жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін, сондай-ақ Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Академия ректорының бұйрығымен жекелеген түлектер көтермеленді.