ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізеді.

Конкурс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде өткізіледі. Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының стратегиялық бастамаларын қазіргі заманғы ұлттық және жаһандық сын-қатерлер мен трансформациялар тұрғысынан қайта пайымдау.

Байқау жеңімпаздарының жүлделік пакеті:

– I, II және III дәрежелі дипломдар және ынталандыру сыйлықтары;

– Елбасы кітапханасы мен Елбасы академиясының жобаларына қатысу және тәжірибеден өту мүмкіндігі;

– сараптамалық қауымдастық арасында танымалдықты арттыру мақсатында орталық БАҚ-та (қаз/орыс) жеке сұхбат;

– «NN Journal» ресми басылымында және Елбасы Кітапханасы мен Елбасы Академиясының барлық ақпараттық ресурстарында үздік мақалаларды жариялау;

– Конкурс тақырыбы бойынша бірегей идеяларды қамтитын қолданбалы сипаттағы жұмысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне жолдау.

Ғылыми мақалалар байқауға ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін қабылданады.