Қарастырылған: Бегалиев Е.Н, Нұрмағамбетов Б.Ғ, Есімсейтов Б.Р, Қалмырзина З.Ж. Жалпы редакцияны басқарған Н.С. Даниев «Педагог кеңестері». Астана: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, 2017. – 144 бет.

Жинақта ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасының, сонымен қатар атақты педагогтардың, психологтардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің үздік әдістемелері жинақталған. Кітаптың негізгі айтары – ата-аналардың балалармен дұрыс қарым-қатынасы адамның барлық өміріндегі жетістіктерінің негізі болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру арқылы, ата-аналар оларға психологиялық қалыпты жағдай ғана жасап қоймай, қоғамда өз өмір жолын адаспай табуларына және әлемде зорлық-зомбылық пен қамығуды білмей өсулеріне көмектесетіндігі айтылған.

Жинақ бала тәрбиесінің барлық жақтарын қамтиды, оны оқи отырып, өзіне қажетті жаңа және құнды ақпарат алады. Жинақта берілген кез-келген кеңес ата-аналарға, әр жастағы балаларға, жалпы қызмет барысында бала тәрбиесімен айналысып жүрген педагогтар үшін пайдалы болып табылады.