Жалпы редакциясын басқарған Ш.Шаяхметов «Қазіргі заң ғылымының дамуына жас ғалымдардың қосқан үлесі»: магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының жинағы. Нұр-Сұлтан: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, 2019. – 332 бет.

Магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «Қазіргі заң ғылымының дамуына жас ғалымдардың қосқан үлесі» атты ғылыми жұмыстарының жинағы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының заң мамандықтарының магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Жинақтың материалдары қазіргі заң ғылымы мәселелерімен айналысатын мамандардың кең ауқымына қызықты болады.