Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық диалог

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (ХКҰ) Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге ұлттық диалог өткізді.
Форум жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғамның, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің өкілдері қатысты.
Қатысушылар адам саудасының құрбандарын анықтау және адам саудасына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық қудалау жөніндегі шаралардың тиімділігін талқылады. Зерттеуді халықаралық сарапшылар ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хабының көмегімен жүргізді.
Талқылау барысында адам саудасына байланысты қылмыстарды төмен сәйкестендірудің және тиімді тергеудің негізгі себептері талданды. Сондай-ақ, осындай қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша тәжірибе алмасу, халықаралық тәжірибемен танысу болды.
Адам саудасының фактілеріне табысты қарсы тұру үшін қазіргі проблемаларды шешу тәсілдерін сапалы өзгерту, уәкілетті органдардың тығыз өзара іс-қимылы мен жүйелі жұмысы, мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыру қажет екені атап өтілді.​
Форум қорытындысы бойынша қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктерін құруға, қылмыс құрбандарын сәйкестендіру жүйесін жетілдіруге және оларға қажетті әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес жөніндегі күш-жігерді жетілдіру жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.