Интернет желісінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу: мәселелер мен шешу жолдары

Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты онлайн форматта «интернет желісіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу: мәселелері мен шешу жолдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Күн тәртібін талқылауға Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ішкі Істер Министрлігінің, Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының өкілдері, IT-технологиялар саласының сарапшылары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Оның ішінде ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері (Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Санкт-Петербург Академиясы және оның Нижний Новгород филиалы, РФ Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясы).

Ғылыми пікірталастар барысында Интернет желісінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстық саясатты жетілдіру мәселелері бойынша белсенді және мүдделі пікір алмасылды.

Қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, сараптама қызметі бойынша нормативтік-құқықтық регламенттеу мен құқық қолдану практикасын жетілдірудің проблемалық мәселелері талқыланды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа тәсілдер ұсынылды.

Заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру, Интернет желісінде қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттыру қажеттілігі атап өтілді.

Форум қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді, ғылыми саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту ұсынылды.