Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарындағы қызметті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи тәсілдері

Құқық қорғау органдары академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарындағы қызметті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттырудың онлайн курстары басталды.
Жоғары лауазымға үміткер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 150 қызметкері оқытудан өтеді.
Тренингтің басты мақсаты-құқық қорғау органдарының жоғары кәсіби басшылық құрамын қалыптастыру. Негізгі екпін әдеттегі және стандартты емес жағдайларда ұжымды тиімді басқару үшін қажетті дағдыларды жетілдіруге жасалды.
Тренингтің тақырыптық бағыты құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін даярлау тәжірибесін ескере отырып айқындалған.
Бағдарламада басқару қызметіндегі аналитикалық жұмыс негіздері, коммуникация және шешендік шеберлік, дағдарыстық жағдайларды басқару, халықаралық құқықтық көмек, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары сияқты өзекті оқыту модульдерін игеру көзделген.
Оқу процесі оқытудың заманауи интерактивті формалары мен әдістерін қолдана отырып, практикалық кейстерді шешу арқылы алынған білімді бекіту арқылы ұйымдастырылған.
Сабақты Академияның тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.