Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды.
Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы 28 ақпанда Новосибирск қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасында бастаған.
2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласының прокуратурасында, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.
2006 жылы Алматы қаласы прокурорының орынбасары, ал 2008 жылы бірінші орынбасары болыптағайындалды.
2013-2017 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдан бастап Қостанай облысының прокуратурасын басқарды.
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.