Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері біліктілігін арттырды

Құқық қорғау органдары академиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеудің қазіргі заманғы әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Оқу бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері мен құқық қолдану практикасының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Оқыту мамандардың маңызды кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Тренинг бағдарламасында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтаудың, жолын кесудің және тергеудің заманауи әдістері, басқару қызметіндегі талдау жұмысының негіздері, халықаралық ынтымақтастық сияқты өзекті оқыту модульдерін игеру бар.

Сонымен қатар, тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы және талдау жұмысындағы заманауи ақпараттық технологиялардың рөлін, қылмыстық процесті цифрландыру мәселелерін зерттеді.

Тренерлер ретінде практикалық тәжірибесі мол Академия оқытушылары қатысты.

Оқытудың тиімділігін және тыңдаушылардың алған білімдерін игеру дәрежесін бағалау үшін оқуға дейін және одан кейін кіріс және шығыс бақылауы жүргізілген.

Құқық қорғау органдары академиясының Баспасөз қызметі