Азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту шеңберінде

Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастарған онлайн -дөңгелек үстелдің қатысушылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жеке тұлғанының конституциялық құқықтарын қорғаудың құқықтық кепілдіктерін талқылады.

Іс-шараға Академияның қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің, ІІМ Қостанай академиясының, облыстық прокуратуралардың өкілдері, әкімшілік соттың судьялары, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Ғылыми пікірталастар өндірісті қамтамасыз ету шараларының мазмұны: күштеп әкелу, жеткізу, ұстау, жеке адамның конституциялық құықтарын қорғаудың қазіргі жай-күйі сияқты мәселелер төңірегінде өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу процесінде туындайтын негізгі проблемаларды талқылады, осы салада жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы ақпаратпен және халықаралық практикадан алынған оң тәжірибемен бөлісті.

Форум қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін күшейтуге, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, ғылыми саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.

Өткізілетін дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Академияның іс-шаралар цикліне кіреді.