Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасты тиімді тергеу және құжаттандыру» онлайн-семинары өзінің жұмысын аяқтады.
Іс-шарада сөз сөйлеген Академия проректоры Маралбек Ешімов және Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры өкілдігінің басшысы Зауреш Шутова осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту контексінде тренинг өкізудің маңыздылығын атап өтті.
Прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, Алматы қ. сот-медициналық сараптама қызметкерлері, Алматы қалалық алқасының адвокаттары мен заң кеңесшілері оқытудан өтті.
Сарапшылар атап өткендей, азаптауларды қолдану проблемасы өзінің өткірлігін жоғалтпайды. Мұндай фактілерді тиімді анықтау және тергеу көбінесе қызметкерлердің біліктілігі мен жедел-тергеу тәжірибесіне байланысты.
Семинарда Қазақстандағы азаптауларды құжаттау, қатыгез қарым-қатынас жағдайларын анықтау кезінде шұғыл рәсімдерді жетілдіру мәселелері талқыланды.
Азаптауларды халықаралық құқық нормаларына сәйкес саралау мәселелері, сондай-ақ Стамбул хаттамасына сәйкес зерттеу практикасы зерделенді. Құқық бұзушылық іздерін құжаттаумен, медициналық деректерді интерпретациялаумен, азаптауларды тергеу ерекшеліктерімен танысты, түрлі ситуациялық тапсырмаларды шешуді тәжірибеде машықтанды.
Академия мен Ф.Эберт атындағы қор арасындағы азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселесіне арналған бірлескен білім беру іс-шаралары Қазақстанның он екі өңірінде өтті.