Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары туралы

Құқық қорғау органдары академиясы онлайн форматта «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары: қалыптасуы және даму үрдістері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – диалог алаңын құру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандарын қолданудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ғалымдар мен практиктердің күш-жігерін біріктіру, заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану практикасының басым міндеттерін шешу.

Талқылауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі агенттігінің, Ішкі істер министрлігінің, ІІМ Қостанай академиясының, адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Пікірталастар іс жүргізу нысанының мәні, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандарының даму тарихы және олардың қазіргі жай-күйі мәселелері төңірегінде өтті. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің негізгі проблемалары, озық халықаралық практика және осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар қаралып отырған тақырыптың өзектілігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандарын оңтайландыру үшін қылмыстық процестің іргелі негіздері мен базалақ қағидаттарын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көтерілген проблемалар жөнінде ұсыныстар әзірленді және ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары ұсынылды.