Рейдерлікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

Прокуратура органдары тұрақты негізде мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлікті қолдау және олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау саласындағы тапсырмаларын орындау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізеді.

Осы қызметтің бағыттарының бірі – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Ішкі істер және Әділет министрліктері өкілдерінің қатысуымен Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Гульнар Шушикованың жетекшілігімен арнайы Ведомствоаралық жұмыс тобын құру болды.

Топтың басты міндеті бизнесті рейдерліктен қорғау бойынша қосымша шаралар әзірлеу болып анықталды.

Бұл үшін кәсіпкерлердің 200-ден астам өтініштері мен шағымдары мен оларды мемлекеттік органдарда қарау нәтижелерін талдады. Заңды тұлғаны тіркеу және қайта құру саласындағы ұлттық және шетелдік заңнаманың ерекшеліктері зерттелді, рейдерлік фактілер бойынша қылмыстық істерге талдау жасалды, кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау, рейдерлік фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

Әзірленген құжат мемлекеттік органдардың және «Атамекен» КҰП-ның практикалық қолдануы үшін максималды түрде бейімделген.

Ұсыныстар жұмыста қолдану үшін барлық мүдделі органдарға жіберіледі.