Адам саудасының өзекті проблемалары бойынша

Құқық қорғау органдары академиясы «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қорымен бірелесіп Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің қызметкерлері үшін тренинг ұйымдастырды.

Іс-шара Winrok International іске асырған Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жөніндегі USAID жобасының және қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

Тренингке қатысушылар адам саудасының проблемалары туралы жалпы түсінік алды, студенттер мен оқытушыларды, пациенттер мен медициналық мекемелердің қызметкерлерін ықтимал қауіптер туралы ақпараттандыру формаларымен танысты.

Жаттықтырушылар тындаушыларға заңсыз пайдалануға байланысты қылмыстардың қазіргі жағдайы мен тенденциялары, қылмыстық әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді. Адам саудасымен байланысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл және әрекет ету саласындағы озық тәжірибелер ұсынды.

Сондай-ақ қатысушылар осындай қылмыстардың құрбандарын іздеу мен анықтау, оларға қажетті әлеуметтік көмек көрсету кезінде мекемелердің өзара әрекеттестігі мен серіктестік қағидаларымен танысты.

Сарапшылар атап өткендей, бар мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу қылмыстық әрекеттердің алдын алу мен анықтау тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Тренингке қатысушылар іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді, оқыту форматының жоғары тиімділігін, алынған практикалық білімнің маңыздылығын, сонымен бірге жаттықтырушылар мен сарапшылардың жоғары кәсібилігін атап өтті.