Қылмыстық заңнаманы қолдану проблемалары бойынша ведомоствоаралық семинар

Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар мен докторанттардың қатысуымен қашықтық форматта қылмыстық заңнаманы қолдану бойынша ведомствоаралық семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ғалымдардың өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға күш-жігерін біріктіру, заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану практикасында басым міндеттерді шешу.

Семинарға Қазақстанның ғалымдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Украинаның Днепропетровск мемлекеттік ішкі істер университетінің аспиранттары қатысты.

Ғылыми пікірталастар қылмысты арандатуға қылмыстық-құқықтық қарсы тұру, тұрмыстық кісі өлтірудің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік, қылмыстық банкроттық біліктілік сияқты мәселелер төңірегінде өткізілді.

Жас украиндық ғалымдар Қазақстан мен Украинаның қылмыстық заңнамасына қауіп-қатерге қалдыру үшін жауапкершілік, екі елдің қылмыстық кодекстері бойынша «қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымына салыстырмалы құқықтық талдау жасады.

Семинар нәтижесінде қылмыстық заңнаманы қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасалды.