Жауынгерлік ерлігі үшін құрмет

Бүгін Қосшы ауылындағы Құқық қорғау органдары академиясының аумағындағы Даңқ мемориалында Ұлы Жеңіс күніне және қазақ халқының айбынды ұлы Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Отан қорғаушыларды құрметтеуге майдангерлердің ұрпақтары, Орталық ардагерлер кеңесінің өкілдері және қонақтар келді. Іс – шараның құрметті қонағы батырдың әпкесі – Рымжан апай Мұсабекқызы болды.

Қазақ халқының ержүрек ұлы тарихта Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен алғашқы кеңес жауынгері ретінде қалды.

1945 жылы 30 сәуірде 21 жасар Рахымжан Қошқарбаев 19 жастағы ресейлік, ефрейтор Григорий Булатовпен бірге теңдессіз ерлік жасады.

Мерекенің ең салтанатты және әсерлі сәті тарихи тудың көшірмесін алып шығу рәсімі болды. Ол Мәскеуде жасалып, Қазақстанға салтанатты түрде тапсырылды. Жауынгерлік тудың түпнұсқасы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Орталық мұражайында сақтаулы.

2016 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа Астанада ескерткіш орнатылды. Оның ашылуы барлық қазақстандықтар үшін көптен күткен сыйлық болды.

Биылғы жылы мереке соғыс батырларына арналған жаңартылған ескерткіштің жанында өтті. Жауынгердің бейнесі Жеңістің барлық сарбаздарын бейнелейді. Бұл Отан тәуелсіздігі үшін қаза тапқан барлық соғыс батырларына құрмет.

Қазақстан Жеңіс ісіне лайықты үлес қосты. Республикадан 1,5 млн. астам адам жұмылдырылды. Отанымыз қазақстандықтардың жауынгерлік еңбегін жоғары бағалады. Кеңес Одағы Батырларының арасында 528 қазақстандық бар, олардың төртеуі екі рет батыр атағына ие болды. 110 мыңы Даңқ орденімен марапатталды.

Тек Ақмолада ғана 5 дивизия мен бір автобатальон құрылып, майданға жіберілді. Майданға Ақмола ауданынан 15 мың адам шақырылды. Отанын қорғауға Қосшы және Тайтөбе ауылдарынан 80 жауынгер кетті, соның ішінде Рақымжан Қошқарбаев та бар.

Ауыл тұрғындары өзінің аңызға айналған жерлес – соғыс жауынгерлерін біледі және мақтан тұтады. Олардың есімдері Даңқ ескерткішіне жазылған. Әкелердің, аталар мен ұлы аталардың ерліктері туралы естеліктерді сақтайды, оларды ерлік, жоғары патриотизм және рухты күштің тарихы ретінде еске алады.

Іс-шараға қатысушылар Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.