Ведомствоаралық оқу-әдістемелік жиын

Құқық қорғау органдары академиясы бейнеконференцбайланыс режимінде ведомстволық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша әскери, арнаулы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жоғары оқу орындары арасындағы оқу-әдістемелік жиынын ұйымдастырды.

Іс-шара құқық қорғау, сот және арнайы органдардың оқу орындары оқытушыларының кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты-ведомстволық мекемелерде қашықтықтан оқытуды енгізу саласында тәжірибе мен білім алмасу, оның даму перспективаларын талқылау.

Форум жұмысына Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының, М.Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының, ІІМ Қарағанды академиясының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қашықтықтан оқытуды ұйымдастырумен байланысты проблемалық аспектілер қозғалды. Атап айтқанда, оқу сапасын қамтамасыз ету мәселелері, оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану жұмысының нәтижелері талқыланды.

Ведомстволық білім беру мекемелерінің өкілдері on-line оқытуды дамыту бойынша тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оны жақсарту жолдарын ұсынды.